$ 496  588.01  6.42

Стамбұлда 5.8 балдық жер сілкінісі болды

Телефондардың байланысы үзілді.

Стамбұл маңындағы Текірдағтан 42 шақырым қашықтықта 5.8 балдық жер сілкінісі болды. 

Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, оқиға 26 қыркүйек күні сағат 13:59-да болды. Салдарынан Стамбұлдағы Хаджи Ахмет Түкенмез мешітінің күмбезі опырылып түсті.

Түркиядағы ұялы телефондардың байланысы үзілді. Халық бір-бірімен бірнеше сағат бойы хабар ала алмады. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 8 адамның жапа шеккені жайлы ақпарат таратты. 

Айта кетейік, Стамбұлда 7 балдық жер сілкінісі де күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Стамбұл