Стамбұл маңындағы Текірдағтан 42 шақырым қашықтықта 5.8 балдық жер сілкінісі болды.
Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, оқиға 26 қыркүйек күні сағат 13:59-да болды. Салдарынан Стамбұлдағы Хаджи Ахмет Түкенмез мешітінің күмбезі опырылып түсті.
Түркиядағы ұялы телефондардың байланысы үзілді. Халық бір-бірімен бірнеше сағат бойы хабар ала алмады.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 8 адамның жапа шеккені жайлы ақпарат таратты.
Айта кетейік, Стамбұлда 7 балдық жер сілкінісі де күтілуде.