$ 494.87  520.65  4.91

Трамп Зеленскийге қатысты сұрақ қойған журналистке дауыс көтерді

Журналист Трамп Хантер Байденнің Украинамен іскерлік байланысы туралы біліп қалса, Украина президенті Владимир Зеленский не істер еді деп сұрады.
фото: ria.ru
фото: ria.ru

Америка президенті Зеленскиймен әңгіме туралы сұраққа жауап бергісі келмеді. Журналист қайта бастағанда оны «фейк ньюз» өкілі деп атады, деп жазады BAQ.KZ, Reuters-ке сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп Reuters агенттігі журналисінің Украина президентімен телефон арқылы сөйлесуі туралы сұрағына шарт кетті.

Ашуға бой алдырғанын Трамптың дауысынан білуге болады. Журналист Трамп Хантер Байденнің (Демократиялық партия атынан президенттікке үміткер Джо Байденнің ұлы) Украинамен іскерлік байланысы туралы біліп қалса, Украина президенті Владимир Зеленский не істер еді деп сұрады.

«Мұның барлығы – жалған. Сіз де кімнің өтірік ойнап отырғанын білесіз. Сіз және елдегі сіз сияқты адамдар – «фейк ньюз», - деп Трамп дауыс көтерді.

Оның алдында Трамп журналистке «дөрекі болма» деп, өзі бірнеше рет жауаптан қашуға тырысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары