Кеше, таңғы 6:30-да Нанкин-Лоян магистралінде аяқ асты тұманды бұлттың пайда болуының салдарынан бірінен соң бірі 4 жол апаты орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Бэнбу қаласы Қытай коммунистік партиясы насихат бөлімінен мәлім еткендей, жол апаты салдарынан 9 адам оқиға орнында жан тәсілім еткен, ал бір адам шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде көз жұмған, тағы 7 адам жарақат алды. 17 көлік әртүрлі деңгейде бүлінген. 10:17-де апаттық бөліктерде екі бағыт бойынша да қозғалыс ашылды, 13:30-да тергеу операциялары аяқталып, қозғалыс толықтай қалпына келтірілді.
Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы қажетті ем-дом алуда, апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.