$ 495.2  522.34  4.94

Билікке қарсы шыққан 100-ге жуық адам қаза тауыпты

Бүгін елдегі жағдайға байланысты парламенттің төтенше отырысы жоспарланған. Алайда, ол өте ме, жоқ па, әлі белгісіз.
фото: trt.net.tr
фото: trt.net.tr

Иракта билікке қарсы наразылық шерулері кезінде қаза тапқандардың саны артып, 100-ге жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 3 мыңдай адам жарақат алды. Апта басында басталған толқулар әлі жалғасуда. Көп қалада коменданттық сағат енгізілген. Бүгін елдегі жағдайға байланысты парламенттің төтенше отырысы жоспарланған. Алайда, ол өте ме, жоқ па, әлі белгісіз. Еске сала кетейік, Иракта тәртіпсіздіктер сейсенбі күні елдің оңтүстігіндегі қалаларда өткен шерулерден кейін басталды. Оған елдегі жұмыссыздық, кедейшілік және жемқорлық себеп.

Биліктен осы мәселелермен күресуді талап етіп шыққан халыққа полиция күш қолданып, қақтығыстарға жалғасты. Жүздеген адам қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары