АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында әлдекім дәмханада отырған жұртқа оқ атып, 4 адам қаза тапты, деп жазады 24.kz.
Тағы 5-еуі жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, ол ішке кіре салысымен жағалай адамдарға еш себепсіз оқ жаудырған. Күдікті оқиға орнынан із суытып үлгергендіктен, полиция, оның кім екенін әлі анықтай алмай жатқанын хабарлады.