$ 444.22  476.38  4.82

Зеленский 14 сағатқа созылған баспасөз мәслихатын өткізді

Рекордтар кітабының өкілдері сегіз сағаттан соң Зеленскийге сертификат табыстады, мұнда "президенттің әлемдегі ең ұзақ баспасөз мәслихаты" деп жазылған.

Украина президенті Владимир Зеленский баспасөз марафонын өткізді. Оның журналистермен әңгімесінің трансляциясын Президент кеңсесі Facebook желісінде таратты, деп хабарлайды Lenta.ru-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz.  

Мемлекет басшысы көлемді баспасөз мәслихатын сағат таңғы 10-ға қойған, шара түнге қарай аяқталды. Осылайша, Зеленский журналистердің сұрақтарына 14 сағат бойы жауап берді. Сұрақтар да әртүрлі болды - Донбасстағы жағдайдан тағам таңдауына дейін. 

Баспасөз мәслихаты Kyiv Food Market фудкортында өтті. Зеленский жеті-он адамнан құралған журналистер тобына жауап берді. Әр топқа президентпен сөйлесуге жарты сағаттан берілді. 

Шараны Украина ұлттық рекордтар тізімі атап өтті. Рекордтар кітабының өкілдері сегіз сағаттан соң Зеленскийге сертификат табыстады, мұнда "президенттің әлемдегі ең ұзақ баспасөз мәслихаты" деп жазылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары