$ 498.34  519.72  4.85

Нокауттан құлаған боксшы ес-түссіз жатыр

Медициналық мекемеге бара жатқан жолда Дэй есінен танып қалып, комаға түскен.
Фото: news.liga.net
Фото: news.liga.net

Америкалық боксшы Патрик Дэй қарсыласы Чарльз Конвеллдің соққысынан соң өмір мен өлім арасында жатыр. Спортшы нокаутқа түсіп, қайтадан орнынан тұра алмады. Дэй бірден комаға түскен деп жазады FightNews сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дэй мен Конвелл «Усик-Уизерспун» жекпе-жегінің андеркатында өнер көрсеткен.
Ауыр нокаут 10-раундта орын алған. Патрик қарсыласынан қатты соққы алып, оны рингтен зембілмен шұғыл ауруханаға жеткізген.

Медициналық мекемеге бара жатқан жолда Дэй есінен танып қалып, комаға түскен.

Ауруханадағылар боксшының бас миына шұғыл ота жасаған. Қазір спортшы ауыр жағдайда. Дәрігерлер Патрик Дэйдің өмірі үшін күресіп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#бокс