Үндістанның Уттар-Прадеш штатының Моххамадабад қаласындағы тұрғын үй пәтерлерінің бірінде газ баллоны жарылып, екі қабатты ғимарат құлады. Салдарынан кем дегенде 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат — India Today-ге сілтеме жасап.
PTI ақпараттық агенттігі, атап айтқанда, бас хатшысы Аваниш Авастхи аталмыш ақпаратты растады. Оның айтуынша, қазіргі таңда жарылыс салдарынан көз жұмғандар саны 10 адамды құрап отыр. Сондай-ақ, 15 адам ауыр жарақат алған.
Құрбандар саны өсуі мүмкін, себебі, бірнеше адам ғимараттың ішінде, үйінді астында қалып қойған. Қазіргі таңда үйінді астынан адамдарды шығару үшін құтқару операциясы жүріп жатыр. Үндістанның Уттар-Прадеш штатының бас министрі Йоги Адитьянат тиісті тұлғаларға жараланған адамдарға қажет медициналық көмекті көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ, ол көз жұмғандардың отбасына қайғырып көңіл айтты.