$ 494.87  520.65  4.91

Электрикті арыстанға жегізбек болды

Жыртқыш ер адамға тап беріп, оның беті мен қолын жарақаттапты.
фото: golos.ua
фото: golos.ua

Пәкістанның Пенджаб провинциясында басшысы істеген жұмысының ақысын сұрап келген электригін арыстанға жегізбек болды. Ол үйіндегі арыстанды жұмысшыға қарай қоя берген. Бұл туралы Stan.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әли Раза есімді мешіт бақылаушысы электрик Мұхаммед Рафикті жалдап, белгілі бір жұмыстарды жасап беруін сұраған. Ер адам өз жұмысын бітіргеннен кейін ақысын талап етіпті. Алайда, басшысы ақшаны кейінірек беретінін айтыпты. Уәдесі ұзаққа созылып кеткен. 

Осыдан кейін Рафик басшысының үйіне тағы да келіп, жалақысын беруін талап етіпті. Сол кезде Раза үйіндегі арыстанын электрикке қарай қоя берген.

Жыртқыш ер адамға тап беріп, оның беті мен қолын жарақаттапты. Үйдің маңынан өтіп бара жатқандар әлдекімнің жанұшыра көмек сұраған даусын естіп, көмекке келеді. 

Бастапқыда Раза емінің ақысын төлеп беруге уәде еткеннен кейін, Рафик полицияға шағымданбапты. Мұнан кейін арыстанның иесі уәде етілген өтемақыны төлеуден бас тартқан. Арада бір ай өткеннен кейін электрик билікке шағымданды.

Әли Разаға қатысты «Кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бүгінде тергеу жүргізіліп жатыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары