$ 445.66  474.58  4.78

Apple компаниясы сенсорлы экраны бар сақина шығара бастады

Apple Watch құрылғысына ұқсас бұл сақина басқа гаджеттерді басқаруға мүмкіндік береді.

Apple компаниясы сенсорлы экраны мен көптеген тетіктері бар «ақылды» сақина шығара бастады, деп хабарлайды Tengrinews сайты Appleinsider сілтеме жасап. 

Apple Watch құрылғысына ұқсас бұл сақина басқа гаджеттерді басқаруға мүмкіндік береді. Басқару іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады. Оны үстелдің үстіне қойып қозғау арқылы компьютер тінтуірінің қызметін сақинамен алмастыруға болады. 

Айта кетейік, Apple компаниясы «ақылды» сақинаға патент алу үшін 2015 жылы өтініш берген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Apple