18.10.2019, 05:26

Головкин Патрик Дэйдің отбасына көңіл айтты

Фото: Prosports.kz
Патрик Дэй жекпе-жек кезінде алған жарақатынан комаға түсіп, сол күйі есін жимастан қайтыс болды.

Геннадий Головкин қайтыс болған америкалық боксшы Патрик Дэйдің отбасы мен жақындарына Twitter-парақшасында көңіл айтты. 

"Патрик Дэйдің отбасына, достарына көңіл айтамын. Жатқан жерің болсын", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Патрик Дэй жекпе-жек кезінде алған жарақатынан комаға түсіп, сол күйі есін жимастан қайтыс болды.

Тегтер: Головкин