20.10.2019, 22:16

Акула өз тұқымдасын тірідей жеп қойып, зообаққа келушілердің зәресін алды

Фото: Sputniknews.kz
Бейнежазбадан ірі қара акула едәуір ұсақ акуланың жанына жүзіп келіп, оған бас салғаны көрінеді.

RTBF хабарлағандай, бұл оқиға Антверпен хайуанаттар бағында болған. Куәгерлердің бірі оны видеоға түсіріп алыпты, деп жазады Sputniknews.kz.

Бейнежазбадан ірі қара акула едәуір ұсақ акуланың жанына жүзіп келіп, оған бас салғаны көрінеді. Кейін жыртқыш өз тұқымдасын жұтып жіберіп, аузында құйрығы салбыраған күйі куәгерлердің алдынан жүзіп өтеді.

Хайуанаттар бағындағылар оқиғаға түсініктеме беріп, жыртқыш балықтар көптеген жыл бойы бірге өмір сүргенін, дегенмен бір нәрсеге таласып қалғанын атап өтті.

Сондай-ақ мамандар ұсақ акула ауырып, әлсіреген болуы мүмкін деген де болжам жасап отыр.  

Тегтер: акула