$ 444.32  473.33  4.76

Конгода жол апатынан 24 адам қаза тапты

Зардап шеккендер қалалық ауруғанаға жеткізіліп, тиісті көмектер көрсетілді.

Конгода елдің батыс жағындағы Мбанза-Нгунгу қаласына таяу маңда болған автобус апатынан кем дегенде 24 адам қаза тапты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды жергілікті Actualite басылымы. 

Оқиғаны көргендердің айтуынша, автобус аударылып, өртеніп кеткен. Ішінде жуық тауарларын әкеле жатқан 100-ге саудагер болған. Олардың 24-і көз жұмды. 

Көлік апатының неден болғаны әзірге белгісіз. Бірақ келеңсіз жағдайға куә болғандардың болжамынша, автобустың тежегіші істен шыққан. 

Зардап шеккендер қалалық ауруғанаға жеткізіліп, тиісті көмектер көрсетілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Конго