$ 498.34  519.72  4.85

Каталонияда ереуілден 58 журналист зардап шеккен

Олардың 152-сі Барселонадағы акция кезінде жарақаттанғандар.

Каталонияда ереуілдер басылар емес. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір аптада тәртіп сақшыларымен болған қақтығыстардан 182 адам зардап шеккен, деп хабарлайды "Хабар24".

Олардың 152-сі Барселонадағы акция кезінде жарақаттанғандар. 20 шақты полиция қызметкері де медициналық көмекке жүгінген. Сондай-ақ журналистер туралы да ақпар келіп түсті. Каталония бойынша оқиға орнынан ақпар таратпақ болған 58 медиа өкілі түрлі деңгейде жарақат алған. Олардың қатарында корреспонденттер, фотографтар мен телеоператорлар бар. БАҚ өкілдерінің жергілікті Одағы осы жайтқа байланысты Еуропалық және Халықаралық журналистер федерациясына арызданған. Екі ұйым да Каталония мен Испанияның ішкі істер министрлігіне хат жолдады. Олар журналистерге жасалған шабуылдарға байланысты тергеу жүргізуді сұрап отыр. 

Себастьян, Барселона университетінің студенті: 

– Зорлық-зомбылық көп. Әсіресе қала мен өңірде мұндай жағдай белең алғаны қиын болып тұр. Менің ойымша, журналистер үшін бұл аумақ өте қауіпті. Естуімше, акция кезінде медиа өкілдеріне оқ атқан. Сол үшін олар абай болуы керек. Бұл өте қиын жұмыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Каталония