21 қазанда Филиппиннің ұлттық картографиялық басқармасы бұған дейін анықталмаған 500 аралдың бар екенін көрсететін мәліметтер жариялады, деп хабарлады Deutsche Welle.
Соңғы зерттеулер бойынша Филиппинде 7641 арал бар. Мемлекеттегі аралдарды соңғы рет 1945 жылы санағанда 7107 арал бар екені анықталған.
Зерттеушілер аралдар санының көбеюін оларды жаңа әдістермен іздеудің нәтижесі екенін алға тартып отыр. Зерттеу жетілдірілген радиолокациялық әдіс бойынша жүргізілген.
Дереккөз: Хабар 24