$ 494.87  520.65  4.91

«Ештеңе естілмеген»: 39 адамның неден өлгені белгілі болды

Жүк туралы білгені не білмегені әзірге белгісіз.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Жүк көлігінде 39 адамның неден қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Daily mail-ге сілтеме жасап tengrinews.kz.

Болжаммен олар босқын болған. 39 адам өлі табылды. Оның 38-і ересектер, біреуі - жасөспірім. Ауа температурасы минус 25 градусқа дейін жеткен. Басылым мәліметінше, адамдар айғайлаған болуы мүмкін, алайда, жүк көлігінің қабырғалары қалың болуына байланысты ештеңе естілмеген. Олар үсіп өлген.  

Адам өлтірді деген күдікпен жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі, Солтүстік Ирландия тумасы Мо Робинсон ұсталды. Оны үйінде егіз балаға жүкті жары күтіп отыр. Оның жүк туралы білгені не білмегені әзірге белгісіз. 

 Осыған дейін, 23 қазанда англиялық Эссексте Өнеркәсіп паркінде ішінде контейнерлер мен өлі адамдар жатқан жүк көлігі табылғаны жайлы ақпарат жариялаған болатынбыз. Құқық қорғаушыларының алдын ала болжамы бойынша, жүк көлігі Болгариядан келіп, елге сенбіде Уэльстің Холихэд атты шекаралық қаласы арқылы кірген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары