$ 446.49  475.38  4.79

Хиджаб киген блогер қыздың ваннадағы ерсі қылығы жұртты ашуландырды (ВИДЕО)

«Сол орамалға қылқынып қалсаң екен. Саған қараудың өзі күнә».
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Солтүстік осетиялық блогер Малика Джикаева ваннада жатып түскен видеосын жариялап, Instagram қолданушыларын ашуландырды. Ваннада хиджабпен жатқан бойжеткен түрлі әрекеттер жасаған, деп жазады Stan.kz.

Видео кадрларында блогер бойжеткен үстіне душтан су ағызып, артынша косметикалық құралдардың бірін тіліне құйып, ваннадағы суға түсіп, отпен ойнап, сүт ішіп, оны кеудесіне төгеді. 

«Менің тарапыма айтылатын сындардың бірде-бірі өзім туралы пікірімді өзгерте алмайды. Сондықтан дауыстарыңыз қарлығып қалса да, маған бәрібір», - деп жазды Джикаева.

Пікір қалдырушылардың кейбіріне блогердің видеосы ұнаған. Алайда желі қолданушыларының дені оның әрекетін сөгіп тастады.

«Сол орамалға қылқынып қалсаң екен. Саған қараудың өзі күнә», - деп жазды қолданушы Mmmaaarh.

«Дін мен хиджабты қорлама. Егер видеодағыдай әрекеттер жасағың келсе, орамалыңды шеш те, ойыңа келгенді істе», - деп жазды _rustam_shovda_.

Джикаева Солтүстік Кавказда Instagram желісіндегі парақшасымен танымал. Оған 300 мыңға жуық қолданушы жазылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары