Ресейдің Забайкалье өңірінде сарбаз әріптестерін атып тастады, деп жазады РИА Новости.
Оқиға жұма күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18:20-да болған. Алған жарақаттан 8-і көз жұмып, 2-еуі жараланды.
«Күзетті ауыстыру кезінде сарбаз әріптестеріне табельдік қарудан оқ жаудырды», - дейді Ресейдің қорғаныс министрлігіндегілер.
Сарбаз тұтқындалды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, әскери борышын өтеп жүрген сарбаз бұндай әрекетке жеке басына қатысты жүйкесінің жұқаруынан барған болуы мүмкін.
Оқиға орнына қорғаныс министрлігінен комиссия аттанды. Тергеу жүргізіліп жатыр.