Аустралияның Нептун аралын аралаған бір топ турист судағы акуланың әрекетіне таңқалды, деп жазады 24.kz.
Cпенсер шығанағындағы көк айдында көсілген жыртқыш келушілерге еркелеген сыңай танытып, арқасына шалқия жатып әрі-бері жүзді. Мұндай көріністі көзден таса етпейтін туристер құбылысты видеоға түсіріп үлгіріп қалған. Артынша ролик YouTube желісінде жарияланды.
Айта кету керек, Австралиядағы Спенсер шығанағы – акула туризмі трендке айналған аймақ. Мұнда келген туристер темір тордың ішіне кіріп, сырты құлыпталған күйі судың тұңғиығына түсіп, акулаларды жақыннан тамашалайды.