28.10.2019, 16:30

Мұнай зауытындағы жарылыстан кейін үш адам із-түзсіз жоғалды

фото: Weibo
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 07: 00-де болған.

 Қытайда мұнай зауыты аймағында көлікке орнатылған сынақ жабдықтары жарылып, бес адам қайтыс болды. Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясында мұнай зауытында машина жарылып, бес адам мерт болды, тағы бесеуі жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Сондай-ақ үш адам хабар-ошарсыз кеткен. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 07: 00-де Yangcheng Oil Field мұнай кен орнының өндірістік алаңында болған. Хунань провинциясының (Орталық Қытай) энергетикалық компаниясына тиесілі көлікке орнатылған сынақ жабдықтары жарылған.  

Дереккөз: 24.kz