Лейла Касько бұрын футболмен сегіз жыл бойы кәсіби тұрғыда айналысқан. Футболдан елдің құрама командасының мүшесі болыпты. Ол қазір де біліктілігін жоғалтқан жоқ, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қырғызстанның «Тазалық» кәсіпорнының баспасөз хатшысы футбол дегенде ішкен асын жерге қоятын қызметкердің видеосын жариялады.
«Тазалық» кәсіпорнының қызметкері бұрын футболмен кәсіби тұрғыда айналысқан. Қазір де біліктілігін жоғалтпапты.
Соңғы он жыл бойы ол қала орталығындағы көшелерді тазалайды. Мюнхен қаласындағы «Бавария» неміс футбол клубының жанкүйері.