$ 447.4  477.55  4.76

Студенттер өлімді сезіну үшін қабір қазып, ішіне жатты (ВИДЕО)

Ашық қабір студенттер шіркеуінің бағында орналасқан.

Нидерландының Радбод Утрехтский атындағы Неймеген университеті жоғары оқу орны аумағында студенттерге арналған қабір қазған. Олардың пайымдауынша, студенттер осы қабір арқылы өлімнің қандай болатынын түсіне алады екен деп жазады vokrugsveta.ua-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ашық қабір студенттер шіркеуінің бағында орналасқан. Оның іші дымқыл тартқандықтан, оған арнайы кілемше төселген. Студенттер жақындарының өлімінің қабылдау үшін қабірге түсіп, жатып көретін көрінеді.

"Осыдан бірер апта бұрын бір жас бала келіп, екі сағаттай қабірде жатты. Ол осымен досының өлімін қабылдамақ болған. Өкініштісі оның досы өз-өзіне қол жұмсаған", - дейді университет мамандары.

Қабір университет аумағында 2009 жылы қазылған. Оны жергілікті дін қызметшісі Джон Хакинг қазған. Алғашқы үш жылда оны 39 адам пайдаланса, биылғы жылдың тоғыз айында 15 адам қабірге түскен.

Дін қызметшісінің айтуынша адамдар оған кіріп, өлімнің қандай екенін білетін көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Нидерланды