$ 442.05  474.14  4.74

Түркияда Республика күні тойланды (ФОТО)

Шараға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты.
Фото: Sondakika.com
Фото: Sondakika.com

29 қазан Түркияда Республика күні. Ел астанасы Анкара қаласындағы Мұстафа Кемал Ататүрік жатқан Аныткабірде (Қабір ескерткіші)     мерекеге арналған шара өтті, деп жазады Sondakika.com.

Шараға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты. Ол халықты мерекемен құттықтай отырып, Сирияның шығысындағы оқиғаға қатысты да сөз қозғады. Елді әрқашан ынтымақта болуға шақырды.

Ататүріктің құрметіне әскерлер сапқа тұрды. Әнұран шырқалды. 

Шараға сондай-ақ мемлекет және үкімет басшылары, министрлер мен саяси партия өкілдерінің қатысты.

Айта кетейік, 1923 жылы 29 қазан күні елдің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ел конституциясына өзгерістер енгізіп, Түркия Республикасы деп жариялаған болатын. Мұнда атаулы мерекелерді Ататүрік жатқан жерде атап өту бұрынан дәстүрге айналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркия