Коста-Рика полициясы салмағы бір тонна болатын есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жоспар бойынша тауар Бельгияға жіберілу керек еді.
Қылмыскерлер кокаинды 29 пакетке орап контейнердегі банан жемісінің арасына тыққан. Әзірге олардың ұсталғаны жайлы нақты ақпарат түскен жоқ. Жалпы, соңғы кездері елде мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Қоғамдық қауіпсіздік министрінің айтуынша, жыл басынан бері 37 тонна марихуана мен кокаин тәркіленген.