36 жастағы дзюдодан әлем чемпионы Крэйг Фэллон Шропширадағы (Ұлыбритания) орманда асылып қалды. Ол қызына хат жазып кеткен, деп хабарлайды sport24.ru
Оқиға шілде айында болған. Оның мәйіті Ұлыбританияның батысындағы орманнан табылған. Өзіне қол салмас бұрын спортшы сүйіктісінің электронды почтасына хат жолдаған. Жазбада "Бұл менің таңдауым" деген сөздер бар.
Дзюдошының неліктен өзіге қол салғаны белгісіз.
Айта кетейік, Крэйг Фэллон 2005 жылы Египетте өткен жарыста әлем чемпионы атанған еді.