$ 444.32  473.33  4.76

Филиппиннің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты

Опырылып құлаған ғимарат үйінділерінің астында адамдар болуы мүмкін деген болжам бар.

Филиппиннің оңтүстігінде 6,5 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан 3 адам ажал құшып, тағы сегізі жараланған, деп жазады 24.kz. 

Опырылып құлаған ғимарат үйінділерінің астында адамдар болуы мүмкін деген болжам бар. Іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Зілзала ошағы Давао қаласына жақын жерде орналасқан. Салдарынан шаһардағы мектептер уақытша жабылған. Біраз мекемелер де жұмыс істемей тұр. Негізі осы аптада ғана өңірде 6,5 балдық жер сілкінісі болған еді. Ол кезде 1 адам көз жұмып, 40-тан астамы жараланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары