Сплит
Бұл Дубровник қаласының нағыз көшірмесі, оның үстіне Хорватиядағы қалалардың көлемі жөнінен екінші орын алады. Бұл жер де қызыл шатырлы, ақ қабырғалы үйлерге толы. Шығанақтың көрінісін де тамашалай аласыз. Жағалаулары да қаладан алыс емес. Сплиттің басты мақтанышы – Диоклетиан патшаның көнеримдік сарайы. Бұл басқа рим аңыздарындағы сарайларға қарағанда өте жақсы сақталған. Кез келген қонақ үйден бір бөлме жалдау күніне небары $30 құрайды. Ал кафелерден тамақтануға $3-4 жеткілікті.
Любляна
Бұл Словения елінің астанасы туристердің сүйікті жері болмағанымен, кереметтігінен айырылып қалмайды. Мұнда тарихи жерлер, атмосфераға толы мейрамханалар, архитектуралық ескерткіштер көп. Әсіресе, Ортағасырлық қамалға назар салмай өте алмайсыз, ол бастапқы қалпынан еш бұзылмаған. Мұнда ағылып жатқан туристер көп болмағандықтан, баға да аса қымбат емес. Люблянадан жатын орында $14-15 қаражатқа табуға болады. Ал кафеден түскі ас ішуге орта есеппен $5-6 кетеді.
Прага
Чехияның астанасы негізінен атақты қалалардың қатарында. Алайда, оның бір ғана кемшілігі, маусымдық кезеңде туристерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Жылдың басқа мезгілінде барсаңыз, емін-еркін демалуға болады. Жатаққа көп дегенде $20 қажет. Ал мейрамханадан түскі ас ішу үшін шамамен $10-12 болса, жетіп жатыр.
Лиссабон
Португалияның астанасын кез келген турист барып көре алады. Бұл жерде көптеген әдемі қамалдардың, сарайлардың, тарихи жерлердің бейнесін тамашалауға болады. Ұшақпен бару билеті қалтаға аздап салмақ салуы ықтимал. Алайда, жетіп алған соң жүріп-тұруға кететін ақша аса көп емес. Қалада арзан қонақ үй, кафе, дүкен жетіп-артылады. Бұл жерде қоғамдық транспортпен қыдырған қолайлы. Ол үшін жол жүру жүйесіне кіріп алсаңыз болды. Лиссабонда хостелге орта есеппен $8 төлейсіз, сол $8 түскі ас ішуге де жетеді.
Дереккөз: massaget.kz