02.11.2019, 05:37

Жапон теңізіне Оңтүстік Кореяның тікұшағы құлады

Бортта болған 7 адамның тағдыры беймәлім.

Жапон теңізіне Оңтүстік Кореяның тікұшағы құлады, деп хабарлады 24.kz.

Бортта болған 7 адамның тағдыры беймәлім.

Құтқару-іздестіру операциясына ондаған әскери кеме мен тікұшақтар жұмылдырылды. Белгілі болғандай, құлаған тікұшақта жараланған балықшы, оның досы мен құтқару қызметінің 5 маманы болған. Олар балықшыны ауруханаға жеткізбек болды. Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебі әзірге белгісіз.