Гонконг полицейлері тәртіпсіздіктер орнатқан 200-ден аса ереуілшіні қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өйткені олар көшелерді жауып тастап, көлік қозғалысын қиындатқан. Ізінше біраз ғимаратты тас-талқан еткен. Сонымен қоса күштік құрылым өкілдеріне жандырғыш қоспасы бар бөтелкелерді, кірпіш және басқа да заттарды лақтырған. Тәртіпсіздікті тоқтату үшін полицейлер көз жасаурататын газды, резеңке оқ пен суатқыштарды қолданды. 20-ға жуық адамның жарақат алғаны белгілі.
Гонконгта жаздың басынан бері ереуілдер өтуде. Халық, қылмыс жасады деген күдіктілерді құрлықтық Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасына қарсы шыққан. Наразылық акциясға қатысушылардың пікірінше, құжат Гонконг сот жүйесінің дербестігін сақтап қалуға қауіп төндіреді.