$ 445.66  474.58  4.78

44 жастағы боксшы жол апатынан қаза тапты (ВИДЕО 18+)

ЖКО Аргентинаның Тигре қаласында болған.

Екінші орта салмақтағы WBO Latino тұжырымы бойынша чемпиондық белбеудің иесі, 44 жастағы аргентиналық боксшы Леонардо Хавьер Гонсалес жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп жазады Prosports.kz. 

ЖКО Аргентинаның Тигре қаласында болған. Спортшы жолаушы отыратын орындықта отырған. Оның досы жүргізіп келе жатқан көлік үлкен жылдамдықпен көше шамының бағанына соғылған. Леонардо оқиға орында жан тапсырса, жүргізуші бірнеше жерден жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген.

Гонсалес кәсіпқой рингте 1995 - 2013 жылдар арасында 20 жекпе-жек өткізген. Оның 15-нде жеңіске жеткен, бес рет жеңілістің ащы дәмін татқан.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары