Джамму мен Кашмир аймағының Сринагар қаласында граната жарылып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тағы 34 азамат жарақат алған. Олардың арасында 3 әскери полицей де бар. Қазір зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, гранатаны кімнің жарғаны әзірге белгісіз. Қазір оқыс оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды. Қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.