Түркімен дәрігері Қасымберді Гараевтың гомосексуал екені туралы мәлімдемесінен соң, денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлер арасында гейлерді анықтауға кірісті. Бұл туралы «Хроника Туркменистана» басылымы хабарлады, деп жазады centralasian.org.
Еске салайық, 24 жастағы Қасымберді Гараев сұхбаты жарияланған соң, оны полиция бөліміне шақыртқан. Басылым мәліметіне қарағанда, аймақтардың барлығындағы денсаулық сақтау басқармасында жиналыс өткен.
Түркіменабад қаласында өткен осындай жиналыстардың бірінде Ашғабадтан дәрігерлер арасында гейлерді анықтау туралы тапсырма түскені айтылған.
1 қарашада Хьюман Райтс Уотч (Human Rights Watch) ұйымы Түркіменстан билігінен Қасымберді Гараев қамауда болса, оны тез арада босатуын талап етті.