06.11.2019, 06:23

Өз орнына бойжеткенді отырғызып қойған ұшқыштың басы бәлеге қалды

Фото: Weibo
Оның бұл посты кең таралып, қоғамда үлкен дау туғызды.

Қытайда өз орнына бойжеткенді отырғызып, алдына шәй қойған ұшқыш Air Guilin жұмысынан қуылды, деп хабарлайды life.ru

Туризм университетінің студенті Гуйлиня Чэнь Юйин ұшақ кабинасында алаңсыз отырған фотосын желіге жүктеген. Оның бұл посты кең таралып, қоғамда үлкен дау туғызды.

Бойжеткен суреттің астына бұндай мүмкіндік берген ұшқышқа алғыс білдірген. 

Weibo желісіне салынған бұл кадр әуе қоғамы мүшелерінің назарына ілікті.

Компания өкілдері қызметкердің негізгі қауіпсіздік ережелерін елемегенін жолаушылар өміріне қауіп төндіргенін айтып, оның ұшқыш лауазымында жұмыс істеуіне мүлде тыйым салды. Қалған экипаж мүшелері тергеу аяқталғанша жұмыстан босатылды.

Тегтер: ұшақ Қытай