$ 449.58  486.94  4.86

Тоңған қызын жылыту үшін 2 миллион долларды отқа жаққан

Пабло Эскаборды қылмыстық ізге түсу органдары ұзақ іздеді.

Колумбия наркобароны Пабло Эскабор - есірткі бизнесі арқылы 3 млрд. доллар тауып, әлемдегі миллиардерлердің қатарына енген адам, деп хабарлайды oinet.kz.  

Алайда, оған 200 судьяны, 100 шенеунік пен 57 журналисті өлтірді деп айып тағылған. Осыдан кейін Пабло Эскаборды қылмыстық ізге түсу органдары ұзақ іздеді.

Амазония ормандары мен Анд тауыларында жасырынған Пабло Эскабордың өмірінде ақшаға байланысты қызықты мәліметтер көп.

Бірде ол Колумбия арнайы қызметінің жасақтарынан тауда қашып жүріп, түн суық болғандықтан қызын жылыту үшін түнімен 100 долларлықтарды жағып шыққан. Осылай, Пабло Эскабор таң атқанша 2 миллион долларды отқа жағып жіберген екен...

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары