$ 439.43  473.31  4.82

«Әлемді дүр сілкіндірем»: соққысы қатты файтер Канеломен қолғап түйістіруге әзір

«Альваресті ойынынан шығарып тастайды».
фото: © sopitas.com
фото: © sopitas.com

Америкалық UFC файтері Хорхе Масвидаль Boxingscene.com порталына берген сұхбатында мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасуға расымен ниетті екенін айтады, дейді vesti.kz.

Масвидальдің сөзінше, оның соққысы жүк көлігінің қаққанымен тең, сондықтан ол «Альваресті ойынынан шығарып тастайды».

«Канеломен» рингке шығуға расымен ниеттімін. Әлемді дүр сілкіндіре алатынымды сеземін. Альварес бокста менен мықты ма? Ол маған қарағанда он мың джеб артық ұрды. Өйткені, бұл - оның таңнан кешке дейінгі ісі.

Бірақ, мен боксқа үйреншікті емес, бірнеше тәсіл алып келіп, «Канелоны» ойыннан шығарып тастай аламын. Соққым жүк көлігінің қаққанымен тең. Бокстың былғары қолғабын кисем, қолымды сындырудан тайынбаймын. Бокста қауіпті бола алатыным заңдылық деген ойдамын», - дейді Масвидаль.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Канело #бокс