Сирия шекарасында Ресей әскері мен Түркияның шекара қызметі аймақты барлау жұмысын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Іс-қимылға 8 әскери техника, екі брондалған автокөлік пен екі елдің 50-ге жуық жасағы жұмылдырылды. Ал қауіпсіздікті «Орлан-10» ұшқышсыз аппараты қамтамасыз етті. Аймақты тору барысында әскерилер екі сағаттың ішінде өңірдегі елді-мекендерді аралап шыққан. Айта кетейік, Ресей мен Түркияның біріккен әскери қимылы, аймақта екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Ал біріншісі КобАни аймағында болды.