$ 494.87  520.65  4.91

Жапония әуежайы жұмысын тоқтатты

30-ға жуық рейс кейінге шегерілген.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Жапонияның батысындағы Кансай әуежайының ұшу-қону жолағы аспанда пилотсыз ұшу аппаратының (ПҰА) пайда болуына байланысты жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – бір апта ішінде қайталанып отырған осындай екінші оқиға. Біріншісі 7 қарашада орын алған, ол күні Халықаралық әуежайдың әкімшілігі дронның кесірінен ұшу-қону жолағын жабуға мәжбүр болды. Соның салдарынан 30-ға жуық рейс кейінге шегерілген. Әуежайдың қауіпсіздік қызметі полициямен бірге ПҰА қозғалысының траекториясын және оның иесін анықтау үшін бақылау камераларының жазбаларын талдайды. 

Сондай-ақ, жұма күні билік өкілдерді токиялық Ханэда мен Нариттен кейінгі Жапониядағы тасымал көлемі бойынша үшінші-Қансай әуежайы аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілетіндігін мәлімдеді.

 Жыл сайын Кансайды 28 млн-ға жуық жолаушы пайдаланады.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары