$ 494.87  520.65  4.91

Оқ өтпейтін костюмді жаңбырлы күні кию керек

Костюмнің желдеткіші бар.
фото:  oinet.kz
фото:  oinet.kz

Әлемдегі ең қымбат ер адам костюмі: Diamond Armor. Ол 3 миллион 200 мың АҚШ долларына бағаланып, Гиннес Рекордтар кітабына енген, деп хабарлайды oinet.kz.

Бұл костюмді Швейцариялық Suitart фирмасы тіккен. Оның басты ерекшелігі – оқ өтпейтіндігінде. Сондай-ақ костюмді жаңбырлы күндері киген дұрыс. Себебі ол су өткізбейді. Жазда да кие берсеңіз болады. Өйткені, костюмнің желдеткіші бар. Diamond Armor-дың құнын көтеріп тұрған тағы бір нәрсе – түймелері. Олар сапалы темірден жасалған және түйменің айналасы қара бриллианттармен әшекейленген. Ия, мұндай костюмді кигенде арманда, кимегенде арманда шығар. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқ #костюм