Ұлыбритания патшайымы Екінші Елизавета әлемнің экобелсенділері мен жануарлар құқығын қорғайтын ұйымдардың еңбегін ескере отырып, таза табиғи теріден тігілген бұйымдардан бас тартты, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Мемлекеттік маңызы бар кездесулерге барғанда кәмшат бөркі мен құндыз ішігін тастамайтын патшайымның саналы түрде жасаған бұл әрекетін британдықтар мен Еуропа жұртшылығының 97 % қолдады.
Ал Калифорния билігі таза қайыстан жасалған бұйымды саудалайтындарды заңмен қудалауға көшті.
Қазіргі таңда әлем жұртшылығын «Ұлыбритания патшайымы Екінші Елизавета таза теріден тігілген бағалы киімдерін не істемек, кімге бермек?» деген сауалдар қызықтыруда.