$ 494.87  520.65  4.91

Әскери қызметкерлер президентке қарсы наразылық шеруін басудан бас тартты

Соңғы мәліметке сәйкес, 3 адам қаза тауып, 380 адам жарақат алған.
фото: vesti.ru
фото: vesti.ru

Боливия әскерилері халықтың президентке қарсы наразылық шерулерін басудан бас тартты, деп хабарлайды 24.kz.

Қарулы күштердің қолбасшысы Уильямс Калиман әскердің ішкі саяси істерге араласпайтынын мәлімдеді. Бірақ, әскерилер биліктен жағдайды ушықтырмауды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, Боливияда наразылық шерулері қазанның 20-сы күні президенттік сайлаудан кейін басталған болатын. Оған конституциялық соттың президент Эво Моралестің жеңіске жеткендігі туралы шешімі себеп болды. Оппозиция бұған наразылық білдіріп, қақтығыстар басталды.

Соңғы мәліметке сәйкес, 3 адам қаза тауып, 380 адам жарақат алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары