11.11.2019, 11:15

36 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті

фото: Getty Images
Бангладеш билігі төтенше жағдаймен күресіп жатыр.

Бангладеш жағалауындағы «Бульбуль» циклоны елге көп шығын әкелді, деп хабарлайды aikyn.kz.

Апаттан 13 адам қаза тапқан. Бұған дейін 6 адам мерт болып, 30 адам зардап шеккен. Кейбір мәліметтер бойынша 36 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Бангладеш билігі төтенше жағдаймен күресіп жатыр. Жергілікті биліктің айтуынша, «Жағдайды тұрақтандыру үшін екі күн уақыт керек». Жағалауда тұратын 2 миллиондай адам эвакуацияланды. Циклон 6 мыңнан астам үйді жермен-жексен еткен.