$ 494.87  520.65  4.91

Франция жағалауына 750 келі кокаин шығып қалды

«Кез келген табылған есірткіге қол тигізбей, бұл туралы полицияға немесе жандармдарға хабарлау керек».

 Францияның Атлант мұхиты жағалауында 750 келіден астам кокаин жағаға шығып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сайтына сілтеме жасап. 

Есірткілер батыс Нантада Ланды департаментінен оңтүстікке қарай Луара өзенінің сағасына дейінгі аралықта жағажайдан табылған. Бордоға жақын жердегі Жирондада бірнеше жағажай жабылды. Табылған есірткі заттары шамамен 60 млн еуроны құрайды.

Ренн прокуроры Филипп Аструктың айтуынша, табылған 763 келі кокаин «Оңтүстік Америкадан келген және оның құны әлдеқайда қымбат». «Кез келген табылған есірткіге қол тигізбей, бұл туралы полицияға немесе жандармдарға хабарлау керек», - деп мәлімдеді прокуратура. Францияда кокаин секілді есірткілерді тасымалдағаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары