$ 494.87  520.65  4.91

Қарулы топ оқты қарша боратып, 32 адам қаза тапты

Соңғы мәліметке қарағанда, қарулы топ өкілдері атысты тоқтату үшін бірнеше талап қойған.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Израиль әскерінің Газа секторын атқылауынан қаза тапқандардың саны артып, 32-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 80 тұрғын жарақат алған. Бұл туралы өңірдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Бірнеше күн басталған қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Израиль күштері «Ислам джихады» лаңкестік ұйымының нысандарына соққы беруде. Соңғы мәліметке қарағанда, қарулы топ өкілдері атысты тоқтату үшін бірнеше талап қойған. Бірақ, Тель-Авив әлі жауап берген жоқ. 

Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай бірер күн бұрын Израиль күштерінің осы қарулы топтың 2 командирінің көзін жойған соң шиеленісіп кетті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары