Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов өзінің жанкүйерлерінің ата-аналарына кеңес берді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.
Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Краснодар қаласында жанкүйерлерімен кездесті. Кездесуде балалар мен жасөспірімдер көп болды. Нурмагомедов жас спортшылар мен олардың ата-аналарына ақыл-кеңес берді.
«Мен ата-аналарға балаларына үлгі болуға кеңес берер едім. Оқуын, жаттығуға баруын қадағалау керек. Балалардың бос уақыты болмауы керек. Бос уақыт – балалар үшін өте қауіпті», - деді спортшы.
Сондай-ақ, ол өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс білдірді.