$ 444.22  476.38  4.82

Ер адам туған баласын сатып жіберіп, түскен ақшаға интернеттегі қыздарға сыйлық алған

Оқыс қылыққа барған ер азаматтың айтуынша, әйелі жоғалып кеткен соң оған ұлы мен қызын асырау қиынға түскен көрінеді.
Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

Қытайлық азамат өзінің туған баласын сатып жіберіп, түскен ақшаны интернеттегі қыздарға сыйлық алуға жұмсаған.

Оқыс қылыққа барған ер азаматтың айтуынша, әйелі жоғалып кеткен соң оған ұлы мен қызын асырау қиынға түскен көрінеді. Ақшаның жетіспеушілігінен ол өз балаларын сатып жіберуді ойластырыпты, деп жазады Stan.kz.

Осы жылдың басында ер адамға Фучжоу қаласынан ерлі-зайыпты хабарласып, өздерінің бала асырап алғысы келетіндіктерін айтқан. Кейіннен олар ақпан айында кездесіп, қызды 80 мың юаньге сатып алған. Ақшаны қолға алғаннан кейін әкесі қызын жұпқа тапсырып, баланы бағып алу туралы келісімшартқа қол қойған. 

Ал мамыр айында қыздың өгей ата-анасы асыранды баласына құжат жасатар кезде жалған туу туралы куәлікті өткізіп жіберген, нәтижесінде бұл жағдай туралы құқық қорғау қызметкерлері біліп қойған. 

Ең сорақысы, қызды сатып жіберген әке тапқан ақшасын интернетте видео түсіретін қыздарға виртуалды сыйлық сатып беру үшін құртып жіберіпті. Қазіргі таңда бала саудасымен айналысқан ер азамат пен қызды ақшаға сатып алған ерлі-зайыптыға қарсы іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары