Францияның оңтүстік-батысында көпір опырылып құлап, көлікте отырған қыз бала мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Енді тағы бір адамның көз жұмғаны жайында ақпарат тарады. Бірнеше кісі ауруханаға жеткізілді. Оқиға Мирпуа-сюр-Тарн мен Бесьер мекенін байланыстырып тұрған көпірде болды. Апатқа жүк көлігінің шамадан тыс көп тауар тиеп алуы себеп болуы мүмкін. Бұл көлік те өзенге құлап түскен. Оның жүргізушісі табылмай жатыр. Қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.