23.11.2019, 06:02

Португалияда мыңдаған тәртіп сақшысы шеруге шықты

Фото: 24.kz
Тәртіп сақшылары шеруге қатысу үшін елдің түкпір-түкпірінен жиналыпты.

Португалияда мыңдаған полицей қала көшелеріне шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тәртіп сақшылары шеруге қатысу үшін елдің түкпір-түкпірінен жиналыпты. Олар еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Бұған қоса, тәртіп сақшылары жалақының төмендігі мен жеңілдіктердің жоқтығына наразылық білдірді. 

Айта кетейік, бүгінде португал полицейлерінің жалақысы шамамен 800 еуродан басталады. Ал Польша мен Францияда дәл сондай қызметтегі тәртіп сақшысы 1300 еуроға жуық табыс табады екен.