$ 444.22  476.38  4.82

Питонның елікке шабуылдаған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Питон елікті денесімен орап алып, суға тартып әкеткен.

Үндістанның Махарашта штатында жергілікті орман департаментінің бақылау камераларына питонның елікке шабуылдаған сәті түсіп қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz, Maharashtra Times-қа сілтеме жасап.

Бірнеше елік суатқа келген. Алғашында суатта жүрген еліктер лай суға жақындамақ болған. Дәл осы кезде оларды су астынан жыртқыш аңдып тұрған. Еліктердің бірі су ішпек болып еңкейе бергенде, оған алып жылан шабуыл жасаған. Питон елікті денесімен орап алып, суға тартып әкеткен. Басылым мәліметінше, видео биыл мамырда түсірілген. Алайда, жергілікті билік оны жақында ғана жария еткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары