$ 494.87  520.65  4.91

Оқырманына «Қайырлы түн» тілеген жас әнші таңертең үйінен өлі табылды

Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады, қыздың неден көз жұмғаны әзірге хабарланбай отыр.

28 жастағы корей әншісі әрі актриса Гу Хара Сеулдегі үйінде өлі табылды, деп хабарлайды РИА Новости, Newsweek басылымына сілтеме жасап.

Әнші инстаграмдағы парақшасына соңғы рет өз суретін жариялап, астына "Қайырлы түн" деп жазған.

Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады, қыздың неден көз жұмғаны әзірге хабарланбай отыр.

Осы жылдың көктемінде күйзелісте жүрген Гу Хара өз-өзіне қол жұмсамақ болған еді.

Корей әншісі көпшілікке Kara тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген кезде танылды. Бұл топ 2007 жылы құрылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары